Вы здесь

Главная » Акмолинской области памятники. Экскурсии по мазарам Акмолинской области.

Мазар Аздембай сал Котербайулы.

Путешествия по Акмолинской области.

«Поэзия и искусство - это особая форма не только выражения, но и познания»

Ян Райнис.

Архитектурные памятники Акмолинской области.

Аздембай Котербайұлы (1836 - 1916 г.г.) – казахский народный поэт, сал-серэ. Аздембай сал родился в XIX веке недалеко от Акмолинска (местность Караоткел) и умер в начале XX века. Место захоронения находится рядом с селом Коянды Целиноградского района Акмолинской области, в 30 км от города Астаны по трассе Астана-Павлодар.
В народе Аздембая называли сал. Он был ироничным, сатирическим, язвительным поэтом. Один из известных в Сарыарке акыном-импровизатором. Стихи, написанные Аздембаем сал, часто звучат в Сарыарке.
Он брал пример с Балуана Шолака, певца Газиза, Жаяу Мусы. Сохранил наследие Аздембая человек по имени Алпысбай Саттыбайулы. Прадеды Аздембая сал – выдающиеся люди, такие как мудрец Аспантай и мудрец Саурык. Своего прадеда Жансары и отца Котербая  поэт воспевает в своих песнях.
Впрочем, воспевать  свое происхождение   характерно для казахских поэтов. Все предки Аздембая сал были ораторами. Аздембай сал и о своем пении говорит в стихах. Бозтай Жакыпбаев собрал наследие Аздембая сал, передал в фонд рукописей Казахской академии наук в 1946 году.
Ж. Орманбаев передал рукопись в 1952 году. Генеалогический коллекционер Жуматай Мадиев (1923 – 1967 г.г.) в 1961 году передал в фонд рукописное наследие Аздембая. Аксакалу  Кусаину Такежанову помогал собирать наследие Аздембая – Таупык Аздембаев.
В 1947 году объем материала составлял 45 страниц или 2801 строк поэзии. В фонде сохранены 42 страницы. Материал Кусаина Такежанова составляет 27 страниц или 1400 строк. Написанная арабским талибаном в 1947 году первая тетрадь Кусаина Такежанова, составляет 27 страниц. Была написана в 1944 году.

Источник и фотографии:
Сведения: Алпысбес М. Аздембай сал «Бухар жырау». Энциклопедия. Алматы, 2013 год. http://srh.kz/content/mesto-zahoroneniya-azdembay-sal-koterbayuly/

Әздембай сал Көтербайұлы жерленген жер.

Ақмола облысының сәулет ескерткіштері.

«Поэзия мен өнер - бұл тек бейненің ғана емес, танымның да ерекше нысаны»

Ян Райнис.

Ақмола облысына саяхат.

Орналасқан жері:  Ақмола облысы Целиноград ауданы Қоянды с. маңында ал Астана қаласынан 30 км Астана-Павлодар тас жолының бойында орналасқан. Қысқаша ақпарат: Әздембай Көтербайұлы (1836 - 1916) – қазақтың халық ақыны, сал-сері. Әздембай сал Ақмола облысының Шарбақкөл ауданының Теке деген жерде туған.
Әздембай ақын Ақмола (Қараөткел) маңында ХІХ ғасырда туып, ХХ ғасырдың бас кезінде дүние салған. Ел ішінде Әздембай сал деп аталынған. Әздембай сал өте сықақшыл, түйреп айтатын ақын болған.
Арқаның атақты салдарының бірі. Әздембай сал айтыс ақыны да болған Әздембай сал шығарған өлеңдер Сарыарқада көп айтылады. Ол Балуан Шолақ, әнші Ғазиз, Жаяу Мұса сияқты ақындардан өнеге алған.
Әздембай сал мұрасын сақтаған Алпысбай қария Саттыбайұлы болған. Әздембай сал бабалары Аспантай абыз, Саурық абыз деген қасиетті кісілір болған. Атасы Жансары мен әкесі Көтербай туралы да Әздембай сал өзі айтқан өлеңдеріне қосады.
Өз ата‑тегі туралы жырлау, анық етіп жіктеп айту қазақ ақындарына тән болған. Әздембай салдың ата-бабалары да бәрі түйдей шешен болған. Әздембай сал өзінің әншілігі туралы да өлеңдерінде айтады.
Қыпшақтан – Ойбас батыр. Ойбастан –  сайып келгенде Күрлеуіт. Күрлеуіттен – Ақжігіт, Жанжігіт. Ақжігіттен – Көшек абыз. Көшек абыздан – Сырымбай, Дат, Мейраш. Сырымбайдан – Тамаға, Жолеке, Көшей, Нурет. Даттан – Шардай. Мейраш баласы – Бәйті батыр. Жолекеден – Бекбаулы абыз.
Бекбаулы абыздан – Тастемір, Жұмағұл, Таңат. Тастемірден – Калдар, Айтуған, Ниязхан. Калдардан – Аспантай абыз, Жәміке. Аспантай абыздан – Саурық абыз. Саурықтан – Жансары. Жансарыдан – Көтербай болады. Көтербайдан – Әздембай, Байғазы.
Әздембай сал мұрасын жинаған Бозтай Жақыпбаев 1946 ж. Қазақ Ғылым академиясының қолжазбалар қорына тапсырған. Ж. Орманбаев 1952 ж. қолжазба дәптер тапсырған. Шежіре жинаушы Мәдиев Жұматай (1923 - 1967) 1961 ж.
Әздембайдың қолжазба мұраларын қорға тапсырған. Тәкежанов Құсайын қартқа (1886-1972) Әздембай мұраларын жинасқан Тәупық Әздембаев болды. 1947 ж. тапсырылған материалдың көлемі 45 бет, немесе 2801 жол өлең шығармалары.
Қорда 42 бет сақталған. Тәкежанов Құсайын қарттың миатериалы 27 бет, немесе 1400 жол өлеңді құрайды. Араб әрпімен жазылған бірінші дәптер 1947 ж. жазылған Тәкежанов Құсайын қарттың дәптері 27 бет. Араб әрпінде 1944 ж. жазылған.

Aқпарат көзі:
Деректеме:  Алпысбес М. Әздембай сал // Бұқар жырау. Энциклопедия. – Алматы, 2013.