Вы здесь

Главная » Акмолинской области памятники. Экскурсии по мазарам Акмолинской области.

Мазар Каныкей.

Древние мазары в Акмолинской области.

«Чтобы вынести историю собственной жизни, каждый добавляет к ней немножко легенд»

Марсель Жуандо.

Поездки по Коргалжынскому району.

Мазар Каныкея находится в сельском округе Амангельды, Коргалжжынского района, Акмолинской области. Захоронение Каныкей считается памятником ХVІІ века. Народные сказания о нем соответствуют  периоду истории Казахстана в период войны между казахами и джунгарами в ХVІІ - ХVІІІ веков. Т
риста лет назад  местечко «Өркендеу» в Коргалжынском районе считалось пограничной чертой между землями казахов и калмыков, переходящим от одной стороны к другим. Вот, что повествует легенда о Каныкей.
В те далекие времена, когда между казахами и калмыками  шли военные действия, победа доставалась то одним, то другим. В военный поход выступила 15-летняя дочь казахского хана Каныкей. В свите дочери хана было 40 нукеров.
Это были девушки-лучницы, которые напрямую не вступали в военные действия, а выслеживали предводителей врагов и отстреливали, нанося невосполнимый урон калмыкам. Когда хан калмыков лишился определенной части своих военных начальников, он решил создать специальный отряд, цель которого - уничтожить девушек-стрелков.
Отборный вооруженный отряд, состоящий из ста джигитов-калмыков, обойдя фланги казахских войск, атакует девушек. Но девушки дают отпор внезапному нападению. Во время битвы ранят коня Каныкей, и она остается пешей.
Калмыки, поняв, что она просто так не сдастся, пустили в нее стрелы. Так погибла Каныкей. Казахские войска, обнаружив у себя в тылу вражеский отряд, уничтожили его, отомстив за смерть Каныкей.
Отдавшую жизнь за народ Каныкей похоронили, воздав почести как батыру. На месте погребения воздвигли из красного кирпича надгробие. Со временем дожди и ветра разрушили установленное на просторах степи надгробие.
Место, где находилась могила Каныкей назвали Өркендеу. Некоторое время спустя на этом месте, в Өркендеу,  поселился бай Өтеқара. У этого бая был единственный сын Байбек. Он скоропостижно скончался.
Убитые горем родители устанавливают надгробный памятник своему сыну. Однако, с течением времени народ, зная, что это могила сына бая, все равно называют его могилой героической девушки Каныкей, оставшейся в памяти народа.
Этот надгробный памятник стоит до сих пор на просторах степи как символ тех далеких военных времен.

Мазар Қаныкей.

Ақмола облысындағы ежелгі мазарлар.

«Өз өмірі туралы әңгіме жазу үшін бәрі оған кішкене аңыз қосады»

Марсель Жуандо.

Қорғалжын ауданына саяхат.

Мазар Mazar Qanıkey Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Амангелді ауылдық округінде орналасқан. Қысқаша анықтамасы: Қаныкейдің жерленген жері XVII ғасырдың ескерткіші болып саналады.  Халық аңызының XVII-XVIII ғасырдағы қазақ-жоңғар соғысы Қазақстанның тарихи кезеңімен сәйкес келеді. 
Үш жүз жыл бұрын Қорғалжынның «Өркендеу» жері «өркендеу,  даму» осы жерлер қазақ пен қалмақтар арасында  шекара болып саналып, бір-бірімен жиі-жиі басып алынып отырды. Аңыз – әңгіме: Сол бір жорыққа толы замандарда қазақ пен қалмақ арасында соғыс жиі орын алып, жеңіс екі жаққа алма - кезек ауысып отырса керек.
Осындай бір жорыққа қазақ ханының Қаныкей атты бойжетіп қалған 15 жасар қызы аттанған екен. Хан қызының қасында құралайды көзге атқан қырық нөкері болыпты. Бұл мерген қыздар соғысқа тікелей араласпай жебе жетер жерден жаудың қолбасшыларын көзден атып, қалмақтарды көп шығынға ұшыратып отырса керек.
Қол бастайтын батырлары бірінен соң бірі ат жалын құшып жатқан соң, қалмақ ханы арнайы жасақ құрып, қырық қыздан тұратын мергендер тобын біржола құртпақ болады. Сай тасындай іріктелген жүз жігіттен тұратын жау жасағы соғыстың бір қызған кезінде қазақ қолын айналып өтіп, мерген қыздарға тұтқиылдан ұрыс салады.
Күтпеген жерден тап берген жауға қарсы шегені ұрыс салған қыздар оңайшылықпен алдыра қоймайды. Саны көп жау жасағымен қоян-қолтық ұрыс барысында Қаныкей қыздың аты жау найзасынан ауыр жараланып, иесін жаяу қалдырады.
Қазақ қызына тән қайсарлықпен жауға ұмтылған Қаныкейдің өліспей беріспейтініне көзі жеткен қалмақтар, өжет қызды садақпен атқылап мерт қылады. Жау әскерінің айналып өткенін біліп жеткен қазақ қолы Қаныкейдің кегі үшін қалмақтарды бірін де қалдырмай жер жастандырады.
Қазақ елінің намысы жолында жанын берген Қаныкей қызды арулап, батырға лайық құрметпен жер қойынына тапсырады. Басына қызыл кірпіштен биік қылып зират көтереді. Уақыт өте келе жауын-шашын мен қар суы, жазық даланың желі зират кірпішін мүжіп, тегістеп жібереді. Қаныкей қыздың зираты жатқан сол мекен Өркендеу деп аталады екен. Кейінірек осы Өркендеуге Өтеқара деген бай қоныс тебеді. Мыңғырған мал айдаған байдың Байбек деген жалғыз ұлы бар екен.
Ажал айтып келмейді демекші, бір күні бай баласы қаза тауып, ата-анасы қайғы жұтып қалады.  Жан дегенде жалғыз ұлынан айырылған Өтеқара бай ұлының басына үлкен қылып жерленген жерін көтереді.
Бірақ халық бай ұлының жерленген жері екенін білсе де, ерлігімен есте қалған Қаныкей қыздың атымен атап кеткен екен. Бұл жерленген жер  жазық далада мен мұндалап сонау бір жаугерлік заманның белгісіндей болып әлі тұр. 
Жергілікті өлкетанушы:  Маймұқан Боранбай
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Ақмола облысының тарихи және мәдениет ескерткіштерін зерттеу құжаттары «Қазқайта қалпына келтіру» РМК ҒЗЖФ жиынтық бөлімі зерттеді. 2006 ж. Ғ.М. Қамалов.

Источник:
Краевед Маймукан Боранбай.

Литература: 
Общий отдел РМК ҒЗЖФ «Қазқайтақалпына келтіру», документы исследований памятников культуры и истории Акмолинской области. http://srh.kz/content/mazar-kanykey/