Вы здесь

Главная » Акмолинской области памятники. Познавательные экскурсии по Акмолинской области.

Мавзолей (Ахмета) Кызыл Там.

Путешествия по Жаркайынскому району.

«Кто врага лелеет своего,
Безумцем в мире назовут того»

Фирдоуси Абулькасим.

Достопримечательности Жаркайынского района.

Мавзолей Кызыл Там (Ахмета) находится в юго-западной части аула Далабай, на правлм берегу реки Есиль в Жаркайынском районе, расположен в  25 километрах от районного центра города Державинскв Акмолинской области.
Мавзолей Ахмета  (Кызылтам) - памятник архитектуры начала  ХХ  века. Впервые мавзолей Ахмета  исследовала в 1955 году  археологическая экспедиция Акмолинской области под руководством К. Акишева. 
Позже в  1980 году исследование проводила экспедиция организации «Қаз-қайта жаңғырту» (руководитель Ж.Шайкенов). В 2006 году исследование провел общий отдел Республиканского государственного научно-исследовательского и проектного предприятия «Қаз Жоба қалпына келтіру» (руководитель Г. Камалова).
Этот мавзолей построили строители Турабай и Рапай по заданию купца Ахмета Танкеева. Стены обмазаны жидкой глиной, обложены прямоугольными литыми кирпичами, укреплены с двух сторон обожженными кирпичами.
Лицевая кладка с четырех сторон на четырех углах нарушена на высоту 2 метра.  В кирпичной кладке  самые большие разрушения находятся в юго-восточной части здания в сторону крыши по лестнице
Четырехсторонний план мавзолея описан в виде куполообразного портала размером 6,3 х 6,7 метр. Общая высота мавзолея - 7,15 метров. Главная лицевая часть в юго-западном направлении в продолжение основной стены предстает в виде прямоугольного портала. 
Проем верхней части двери  укреплен с двух сторон колоннами. Края мавзолея выложены квадратными рядами кирпичей с арабскими надписями со словами «Аллах» на поверхности фасадных стен по вертикальному периметру  в сочетании с ромбическими узорами на основе декоративных фасадов.
Центральная площадь фасада заполнена темными кирпичами с ромбическими узорами и украшениями. Легенда: Давным-давно в этой местности жил богатый человек Ахмет. Однажды утром он не проснулся. Люди, думая, что он умер, похоронили его.
Через какое-то время они услышали из могилы чей-то голос.Гробницу вскрыли, оттуда с криком восстал Ахмет.  Напуганные люди убили его, думая, что он одержим демонами. Лишь позже поняли, что Ахмет находился в летаргическом сне, и снова похоронили  его, построив  мавзолей.
Потомки Ахмета по-прежнему живут на территории  Жаркаинского района.

Қызыл Там (Ахмет) кесенесі.

Жарқайың ауданының көрікті жерлері.

«Жауды кім қадірлейді,
Әлемдегі ессіз адам солай аталады»

Фирдоуси Әбілқасым.

Жарқайың ауданы бойынша саяхат.

Орналасқан жері: Жарқайың ауданы Далабай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай, Есіл өзенінің оң жағалауына қарай, аудан орталығы Державинск қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан. Қысқаша ақпарат: Қызыл Там кесенесі ХХ ғасырдың басындағы сәулет - діни ескерткіш ретінде саналады.
Ахмет кесенесі (Қызылтам) - ХХ ғасырдың басындағы сәулет өнері ескерткіші. Ақмола облысының Жарқайың ауданында оңтүстік-батысқа қарай жеті шақырым жерде, Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан.
Ахмет кесенесін алғашқы рет 1955 жылы Қ.Ақышевтың жетекшілігімен Ақмолалық археологиялық экспедициясы зерттеген. Кейіннен 1980 жылы «Қаз-қайта жаңғырту» мекемесінің экспедициясымен (жетекшісі Ж.Шайкенов), 2006 жылы «ҚазЖоба қалпына келтіру» Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны ғылыми-зерттеу және жобалау филиалының жиынтық бөлімімен (жетекшісі Г.Қамалова) зерттелген.
Көпес Ахмет Танкеевтің тапсырысы бойынша Тұрабай және Рапай атты құрылысшылармен салынған. Қабырғалары саз ерітіндісінен құйылып, күйген тік бұрышты кірпішпен қаланған және екі жағынан күйдірілген кірпішпен қапталған, цокольді қабаты тақтатастан қаланған.
Төртқырлығының төрт бұрышындағы бет жақ қалауы табанынан 2 метр биіктікке дейін бұзылған. Кірпіш қалауындағы тік жарықтары бар ең үлкен бұзылыстар оңтүстік-шығыс қасбетінде шатырға қарай баспалдақ құдығының бойында байқалады.
Төртқырлығының жоспардағы мөлшері 6,3 х 6,7 метр кесененің порталды-күмбезді түрін сипаттайды. Цилиндрлі барабан үстіндегі сфера-конустық күмбез төртқырлықтың үстінде 2,5 метр биіктікке көтерілген. Кесенені жалпы биіктігі 7,15 метр құрайды.
Оңтүстік-батыс жағындағы бас қасбеті төртқырлықтың үстінен негізгі қабырға жалғасуы есебінен құрылған тік бұрышты портал түрінде орындалған. Есіктің аркалы ойығы жағында садақты маңдайшамен біріктірілген енсіз бағаналармен екі жағынан қос қапсарланған.
Қасбеттерінің сәндік безендірілуінің негізінде бет жақ қабырғалары периметрі бойынша тік қалаулар жолақтарымен аралас ромб тәріздес өрнектерімен «Аллаһ» сөзінің араб жазулары шаршы кірпіш қатарларымен жиектелген.
Қасбеттерінің орталық алаңдарын күңгірт түсті кірпіш пен өрнегі бар кірпіш қаланған ромб тәріздес сурет толтырады. Ішінде төртқырлықтан күмбезге ауысу аралығы консольдік желкендер мен қабырғалар биіктігі бойымен өтетін жебе тәріздес қуыстар арқылы жүзеге асырылған.
Бөлменің оңтүстік-шығыс бұрышында шатырға қарай баспалдаққа апаратын аркалы ойық бар. Табыт үсті мен еденнің кірпіш жабындысы бұзылған. Аңыз – әңгіме: Баяғыда бұл өңірде Ахмет деген дәулетті адам болыпты.  Күндердің бір күнінде Ахмет бай ұйқысынан оянбай «терең» ұйқыға кетеді.
Ол кезде бүгінгідей медициналық біліктілігі жоқ халық байды өлдіге санап, жер қойнына тапсырған екен. Содан біршама уақыттан кейін қабір басынан адамның ащы дауысын естіген елдің есі кетіп, бойларын үрей билейді.
Сол өңірдегі ишан-молдаларға хабар беріп, жиналып келіп қабірді ашады. Сөйтсе өлді  деген Ахмет бай өкіріп сыртқа ұмтылады. Әбден қорыққан халық орап қойған кебіні дал-дал оны, Ахметтің бейнесіндегі жын деп ойлап ұрып өлтіреді.
Кейін естерін жиған соң өздерінің істерінің ағат болғанын,  Ахметтің расында «терең» ұйқыға кеткенін түсінеді. Елдің үлкен-кішісі жиналып, Ахметті қайтадан арулап көміп басына кесене орнатады.  Жарқайың ауданының территория аумағында әлі күнге дейін Ахметтің ұрпақтары өмір сүреді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: Әдебиет беттерінде: Ақмола облысының тарихи және мәдениет ескерткіштерін зерттеу құжаттары «Қазқайта қалпына келтіру» РМК ҒЗЖФ жиынтық бөлімі зерттеді. 2006 ж. Ғ.М. Қамалов.
Ақмола облысының тарихи және мәдени мұрасы. Ескерткіштер жиынтығы, Алматы - 2008 жыл.

Список использованной литературы: 
Изучение исторических и культурных памятников Акмолинской области, объединенный отдел РГП «Қазқайта қалпына келтіру» 2006. Ғ.М. Қамалов. 
Историко-культурное наследие Акмолинской области. Сборник памятников, Алматы - 2008.

Источник:
http://srh.kz/content/mavzoley-kyzyl-tam-ahmeta/