You are here

Home » Акмолинской области памятники. Познавательные экскурсии по Акмолинской области.

Мазар Киикбая батыра Байгараулы.

Исторические достопримечательности Атбасарского района.

«Нет в этом мире радости сильней.
Чем лицезренье близких и друзей.
Нет на земле мучительнее муки,
Чем быть с друзьями славными в разлуке»

Рудаки Абу Абдаллах Джафар.

Поездки по Атбасарскому району.

Мазар Киикбая батыра Байгараулы находится в окрестностях села Сергеевка Атбасарского района Акмолинской области. Киикбай батыр (1693 – 1741 г.г.) жил  в переломный период двух столетий, в период казахско-джунгарских  войн. 
Киикбай Батыр проявил мужество при  защите  своей  земли. Мазар бесстрашного воина, погибшего в годы казахско-джунгарских войн, установлен 275 лет назад. Недалеко от мазара находится сопка, называемая в народе «Киікбай адыры». Киикбай батыр - выходец  из рода керей.
Славные предания о  великом казахском герое Кийкбай батыре  передавались из поколения в поколение и сохранились на протяжении веков. К мазару Киикбай батыра съезжаются люди со всех концов страны,  чтобы почтить память великого воина.
В настоящее же время частично сохранилась лишь передняя часть мазара, противоположная же стена разрушена. В сквозном проеме четко вырисовывается небольшой контур вытянутой куполообразной формы.
В конце ХХ века на  сопке  «Киікбай адыры»  был установлен еще один мазар. Стены большого, круглого мазара сложены из камней, имитирующих средневековый памятник. Верхняя часть полуоткрытая, с пятью металлическими жердями, образующими широкий купол с серебристым полумесяцем. 
На памятной доске надпись: «Байқараұлы Киікбай. 1693 - 1741 жж».  В 50-е годах прошлого века в этих местах была найдена кольчуга казахского воина, датируемая ХVІІІ веком. Случайная находка, обнаруженная во время вспашки земли, ныне хранится в фондах Атбасарского историко-краеведческого музея.

Батыр Киікбай Байғараұлы жерленген жер.

Атбасар ауданының тарихи көрнекті орындары.

«Бұл дүниеде бұдан артық қуаныш жоқ.
Туыстары мен достарын көргеннен гөрі.
Жер бетінде бұдан былай ауыр азап жоқ
Бөлінгенде керемет достармен не болу керек»

Рудаки Абу Абдуллах Джафар.

Атбасар ауданындағы сапарлар.

Орналасқан жері: Ақмола облысы Атбасар ауданы Сергеевка ауылында орналасқан. Қысқаша ақпарат: Киікбай батыр (1693-1741 ж) өмір сүріп, ғұмыр кешкен заманы қазақ-жоңғар арасында екі ғасырға созылған қанқасап соғыстың енді тұтанып, енді шиеленісіп, бірте-бірте екі көшпелі елдің тактикасы мен стратегиясының сынға түсе бастаған кезі еді.
Бұл кезде қазақ халқының дербес ел болып, ірге бекітіп, біртұтас этникалық сана-сезімнің орныққанына екі ғасырдың жүзі болған. Содан да болар, қазақ-жоңғар арасындағы өрт тұтанған кезде елі мен жерін қорғау үшін алғаш рет атқа қонып, елдің шетіне, желдің өтіне, жаудың бетіне шығып, ерлік көрсеткен батырлардың сапында Киікбай батыр да болды.
Киікбай батыр ат жалын тартып мініп, сарбаздар сапына тұрған кезде көшпелі екі ел арасындағы соғыс тәсілдері, қорғаныс әдістері әбден шыңдалып, өліспей беріспейтіндей шиеленісіп үлгерген. Міне, бұл тұрғыдан келгенде, қазақ халқының ұлттық патриотизмін, ерлік дәстүрін алғаш рет қалыптастыру, орнықтыру миссиясы Киікбай қатарлы батырлардың пешенесіне жазылған.
Мазары - кейінгі ортағасырлық сәулет ескерткіші, қазақ-жоңғар шайқасында қаза тапқан, ержүрек жауынгер Киікбай батырдың мазары  275 жыл бұрын  тұрғызылған.   Қазақ халқында әр рудың көші жүретін өз жолы болған.
Қазақтар бүкіл өмірін көш үстінде өткізген халық, сондықтан да Киікбай батыр туралы әртүрлі тарихи естіліктер қалыптасқан. Киікбай батырды керей руына жатқызады. Осылайша, ерлігі мен даңқы айбынды қазақтың Киікбай батыр есімі ғасырлардан  жалғасын тауып ұрпақтан ұрпаққа  тарих болып сақталған.
Киікбай батыр мазарына аудан және облыс қонақтары еске алып, дұға бағыштау үшін  арнайы келеді. Қазіргі кезде көлемі дөңгелек мазардың алдыңғы бөлігі жартылай сақталған, қарама-қарсы қабырғасы бұзылған және құм тастармен толтырылған.
ХХ ғ. аяғында Киікбай батырға арналған тағы бір мазар қойылған. Қабырғасы дөңгелек жаңа үлгіде тастан қаланған мазар орта ғасырдағы ескерткіштерге ұқсайды. Жоғарғы жағы жартылай ашық, жалпақ, кең көлемде төңкерілген  ислам  рәмізін растайтын жарты айдың белгісі күмістеліп, жасалған.
Еске алу тақтайшасында: «Байқараұлы Киікбай 1693-1741 ж.ж.» деп жазылған.  ХХ ғасырдың басы 50-жылдары мен ХVIII ғасырда  бұл жерлерде, қазақ жауынгерінің сауыты табылды деп атайды. Кездейсоқ жәдігер, жер жырту кезінде анықталып, Атбасар ауданының тарихи-өлкетану музейінің қорында сақталған.
Деректеме: Атбасар ауданының тарихи-өлкетану музейі.
Пайдаланылған әдебиет тізімі: Жергілікті өлкетанушы Клара Әмірқызының “Қиылған ғұмырлар” атты кітабында  Киікбай батырдың тарихи өмірі мен  қызметі  туралы жазылған.

Источник: 
Атбасарский историко-краеведческий музей. 
Из книги местного краеведа Клары Амировой “Қиылған ғұмырлар”. http://srh.kz/content/mesto-zahoroneniyakiikbaya-batyrabaygarauly/