You are here
Мавзолей Косагалы батыра.
Паломнические экскурсии в Казахстане.
«Кто счастья не ценил, тот близится к несчастью»
Ибн Сина.
Религиозные места Казахстана.
Мавзолей Косагалы батыра находится на горе Азат в Зерендинском районе Акмолинской области. Косагалы батыр Толекулы (1740 – 1813 г.г.) – уроженец Кокшетауского региона. Жил во времена хана Средней Орды Уали.
Легендарному батыру знаменитый композитор Даулеткерей посвятил свое инструментальное произведение – кюй «Қосағалы», а в Акмолинско-Кокшетауской зоне до сих пор встречаются топонимы и гидронимы с названием «Қосағалы».
К месту захоронения батыра приезжают из разных мест. Косагалы батыру возведен мазар, ставший центром паломничества. Қосагалы батыр обладал неимоверно огромным телосложением, унаследовав от своих предков рост – 276 см.
Его захоронение составляет 4 метра в длину. Надпись на надгробной плите сделана на арабском языке, а надгробный камень на двух языках: казахском арабским шрифтом и кириллицей на русском: «Руы Жақсылық Қарауыл», «Богатырь Қосағалы Толеков».
Косагалы батыр жил у озера Шагалалы в селах «Жалғыз қарағай», «Қырдағы ауыл», «Былқылдақ», «Талдағы ауыл», «Өзен қарағай», которые распространились из села «Сай» рода Жаксылык Карауыла.
Отец батыра Толек был очень богатым человеком, имел девять тысяч лошадей. В 1723 - 1730 годах, во время "Ақтабан шұбырынды", помогал своим бедным соотечественникам, давая землю и скот, за этот поступок земляки называли его Баянулы бай Толек.
Косагалы был уважаем в среде татарских богачей и омских чиновников, с ним считались и обращались за советом. В знак высокой признательности Омский губернатор подарил ему «золотую шубу» из соболя, которая до сих пор хранится у его потомка Дакена Буканова на почетном месте.
Источник и фотографии:
Местный краевед Дакен Буканов. ttp://srh.kz/content/mavzoley-kosagaly-batyr/
Қосағалы батыр кесенесі.
Қажылық сапарлары.
«Кім бақытты бағаламаса, бақытсыздыққа жақындайды»
Ибн Сина.
Қазақстанның діни орындары.
Киелі жердің орналасқан жері: Ақмола облысы Зеренді ауданы Азат тауында орналасқан. Киелі жер жайлы ақпарат: Қосағалы батыр Төлекұлы (1740-1813) Көкшетау өңірінің тумасы. Орта жүздің ханы Уәлидің заманында өмір сүрген.
Қазақтың белгілі күйшісі Дәулеткерей өзінің «Қосағалы» атты күйін арнаса, Ақмола-Көкше аймағында оның атымен аталатын жер, су атаулары да кездеседі. Қосағалы батыр зиратының басына жер-жерден тәу етіп келушілер де жеткілікті.
Қазіргі таңда, Қосағалы батырға мазар тұрғызылды. Аталған жер жергілікті адамдар мен облыс қонақтары үшін, қажылық орны болып саналады. Қосағалы батыр өзінің ата - бабалары сияқты бойы - 276 см алып денелі батыр болған.
Оның жерлеу орны- 4 метрді құрайды. Маңдайшасындағы жазу- арабша, қабір басындағы жазуы екі тілде: қазақ және орыс тілінде : «Руы Жақсылық Қарауыл», «Богатыр Қосағалы Толеков». Шағалалы өзенінің тауды айналып өтетін тұсында Жақсылық Қарауылға жататын «Сай» ауылынан тараған «Жалғыз қарағай», «Қырдағы ауыл», «Былқылдақ», «Талдағы ауыл», «Өзен қарағай» дейтін ауылдардың соңғысын Қосағалы батыр мекендеген.
Қосағалы батыр, Арғын руы Қарауылдың Жақсылық тармағынан тарайтын Баянұлы Байтөлектің баласы. Танымал журналист-жазушы Тортай Садуақасовтың 2004 жылы жарық көрген «Ел мен жер» кітабындағы шежіреде: Қарауылдан төмен Мәшек атасынан – Есенбай-Әлімбет-Жақсылық-Баян-Төлек-Қосағалы-Байбол-Күлес-Жәулә-Есқақ-Қабдолла болып ұрпақтары одан әрі жалғаса береді. Батырдың әкесі Төлек, басына тоғыз мың жылқы біткен бай болыпты.
1723 - 1730 жылдардағы «Ақтабан шұбырындыда» жадап-жүдеп осы жаққа жеткен қандастарымызға мал, жер беріп көмек көрсеткен атымтай жомарттығына сай ел-жұрт оны Баянұлы Бай-Төлек атап кеткен дейді.
Қосағалыны өз тұсында Омбы шекпенділерінің шенеуніктері, татар байлары да танып, сыйласып, онымен санасқан. Оған Омбы губернаторы тарапынан «Алтын тон» аталатын оқалы шапанның тарту етіліп, бұл жәдігөй жұрнағының күні кешеге дейін батыр ұрпағы Дәкен Боқанов ақсақалдың үйінде сақталып келгендігі дәлел.
Жергілікті өлкетанушы:
Дәкен Бұқанов