You are here

Home » Акмолинской области памятники. Познавательные экскурсии по Акмолинской области.

Мавзолей «Қос бейіт».

Архитектурные памятники Казахстана.

«Где истина проступает сквозь туман,
Там терпит поражение обман...»

Фирдоуси Абулькасим.

 

Исторические места Акмолинской области.

Мавзолей «Қос бейіт» расположен вблизи аула Терісаккан, Жақсынского района, Ақмолинской области. «Қос бейіт» мавзолей получил от виднеющихся издалека двух сопок. В свое время окрестности мавзолея  являлись владением богатого человека, приказы  которого в народе обычно не обсуждались.
У него была дочь невиданной красоты. Многочисленное поголовье байского скота пас молодой джигит, который бережно охранял  его от волков и барымтачей. Парень был влюблен в красивую дочь хозяина, девушка тоже проявляла симпатию к пастуху.
Молодой человек через своих женге – жен  старших братьев - договаривается с девушкой о встрече.  Но   узун кулак доносит об этом отцу девушки. Бай возмущенный тем, что раб, который служит ему ради куска хлеба, встречается с его единственной дочерью, отдает приказ избить парня.
Даже, находясь при смерти, парень мечтает о любимой. Молодой организм победил недуг, приходя в себя после побоев, проживая в доме далекого родственника, пастух готовит план побега вместе с возлюбленной.
Договорившись с девушкойй в один прекрасный день он крадет ее. Но, оказывается, бай следил за ним и, узнав о побеге молодых,  отправляет  за ними погоню. Как бы подготовленными ни были лошади молодого парня, группа, погнавшаяся за ними, нагоняет и окружает их.  
Событие происходило весной, таял снег, река Терисаккан вот-вот должна была разлиться. Увидев, что их окружают, молодые, не раздумывая, вместе с лошадьми бросаются в бурлящую воду. Обычно тихая река в это время года становилась опасной.
Ее сильное течение уносит влюбленных. Отец,  видя, что  дочь может погибнуть, изо всех сил старается спасти их. Но сильное течение кружит их и уносит. Всем аулом ищут влюбленных и лишь несколько дней спустя, находят тела.
Убитый горем отец только тогда понимает, что был неправ, не дав влюбленным быть вместе. Сожелея о содеянном, он решает не разлучать влюбленных и хоронит их тела рядом.

Қос бейіт кесенесі.

Қазақстанның сәулет ескерткіштері.

«Ақиқат тұман арқылы шығады
Жеңілген алдау бар...».

Фирдоуси Әбілқасым.

Ақмола облысының тарихи орындары.

Орналасқан жері: Ақмола облысы  Жақсы ауданы Терісаққан ауылы маңында. Аңыз – әңгіме: «Қос бейіт» жазық далада алыстан көрінетін қос төбеден пайда болған атау. «Қос бейіттің» маңайын өз заманында көпшілікке әмірі жүріп тұрған, бай адам жайлайтын болған екен. 
Байдың ай десе аузы, күн десе көзі бар бойжеткен қызы болған екен. Байдың мыңғырған қалың жылқысын барымташыларға бермей, ит-құсқа жем қылмай, қалған жылқышы беткенге бас-көз болып жүретін бір мықты жігіт болыпты.
Сол жігіт байдың жан дегенде жалғыз қызына ғашық болады, қыз да жігітті ұнатып қалады. Жігіт араға жеңгелерін салып, қызбен кездесіп сөз байласады. Ел құлағы елу дегендей бұл хабар қыз әкесіне де жетеді.
Содан не керек өз есігінде жалданып жүрген кедей жігітке қыз беруді өзіне ар санаған бай қолшоқпарларына бұйырып жылқышы жігітті өлесі қылдырып соққыға жығады. Жігіт жақын бір жамағайының үйінде төсек тартып жатып, қызды алып қашуды мақсат қылады.
Ақыры соққыдан жазылып, есін жиған жігіт ат баптап, уәделескен уақытта бай қызын алып қашады. Сөйтсе, бай жігітті аңдытып қойған екен, сақ отырған бір топ адам екі жасты қуғындап береді. Астындағы аттары қанша жүйрік болса да көп адам жабыла қауып, ұстауға айналады.
Бұл көктемгі қару суы еріп, Терісаққан өзенінің тасып жатқан уақыты екен. Қуғыншылар ұстауға таяп қалған соң, екі жас амалсыздан ат-матымен өзенге қойып кеп кетсе керек. Былайғы кезде беті ғана жыбырлап, шым-шымдап  ағатын Терісаққан көктем сала буырқана тулап, ашуына қатты мінетін болса керек, қос ғашықты ағызып ала жөнеледі.
Қатты ызаға бой алдырып, қуып келе жатса да қызының ажал тырнағына ілінерін білген бай екі жасты құтқаруға қанша тырысқанымен долы өзен шыр айналдырып, тереңіне тартып кетеді. Содан, ел-жұрт болып өзен бойын екі-үш күндеп шарлап, жігіт пен қыздың өлі денесін тауып алады.
Жалғыз қызынан айырылған бай өзінің тым қатты кеткеніне өкініп, тірісінде қосылмаған екі жасты жер қойынына қатар жерлейді.

Источник:
Книга Тортая Садуакасова «Ел мен жер», 2003 г. Альсеитов Сакташ. http://srh.kz/content/mavzoley-os-beyt/